17.08.2016, 12:53
Оқылды: 26

Оралдықтар Д.Елеусіновтің жекпе-жегін Қадыр орталығындағы алаңда тамашалайды

Eleusinov   Бүгін түнде, жергілікті сағат 00.30-да болатын Рио Олимпиадасындағы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов пен өзбек спортшысы Шахрам Гиясовтың жекпе-жегін оралдықтар Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының алаңында тікелей эфирден тамашаламақ.


  Данияр «қазақтардың салмағы» деп аталып кеткен 69 кг салмақта шаршы алаңға шығады. Батысқазақстандықтар Данияр Елеусіновтің Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиевтердің жеңісті жолын жалғастыруын, тек жартылай финалда алған жарақаты сыр бермесе екен деп тілейді.

  Айта кетейік, бокстан әлем чемпионы Данияр Елеусінов 1991 жылы БҚО-ның Қазталов ауданы Қайыңды ауылында дүниеге келген. Оның ағасы Дәурен де - белгілі боксшы. Данияр қазіргі кезде Астана қаласында тұрады, бапкері - әкесі, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Елеусінов.

Елжан Ералы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале