7.09.2015, 8:55
Оқылды: 19

Оралдықтар қала күнін атап өтті

Oblis akimi kala kyni Оралда бірнеше күнге созылған қала күні мерекесі халық лық толған П.Атоян атындағы стадионда қойылған театрландырылған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Қала тұрғындары мен қонақтарын дәстүрлі мейраммен құттықтаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атап өткеніндей, Елбасының салиқалы саясаты арқасында еліміз гүлденіп, қарышты дамып келеді. Соның ішінде Орал қаласы да күн санап жайнай түсуде. Архелогтардың деректеріне қарағанда, бастауын он екінші ғасырдан алатын көне шаһарда жаңа ғимараттар мен еңселі тұрғын үйлер бой түзеп, өндіріс орындары қарқынды дамып, халқы да көбейіп келеді. Орал еліміз ғана емес, ТМД-дағы таза қалалардың бірі болып есептеледі. Оның бұдан былай да сәулеттеніп, қанатын кеңге жаюына толық мүмкіндік бар.

Қала күні мерекесіне орай әр мамандық бойынша озық шыққандар марапатталып, оларға сыйлықтар табыс етілді.

Концертте қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті. Әсіресе, оралдықтар «МузАрт» тобын ерекше ықыласпен қарсы алды. Олар елге танымал әндерін орындап, стадионға жиналған жұртшылықтың көңілін көтере білді. Кеш мерекелік отшашуға ұласты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале