15.03.2016, 9:38
Оқылды: 14

Оралдықтар қысты шығарып салды

Maslenica  Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында дәстүрлі Масленица мейрамы кеңінен аталып өтілді. Шаһар тұрғындарын құттықтаған қала әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев биылғы наурыз айының мерекеге толы екендігін жеткізді.


Алғыс айту күнімен басталған айда содан кейін Халықаралық әйелдер мейрамы тойланса, енді, міне, Масленица қазақ халқының Көрісу айтына  ұласып отыр. Көп ұзамай Наурыз мейрамы да есік қақпақ. Осының бәрі ізгілікті, достық пен жақсылықтың үзілмейтінін білдіреді. Елбасының салиқалы саясатына сәйкес Қазақстанда тұратын сан ұлт өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп, мерекелерді де бірге тойлайды.

Масленица бұл жолы да түрлі қызықтарға толы болды. Кәсіпкерлердің күшімен жәрмеңке ұйымдастырылып, онда келушілер құймақтан, басқа да тағамдардан дәм татты. Бір жерде самаурын қайнап, кәуап пісіріліп жатса, екінші жерде түрлі байқауларға кезек беріліп, жеңімпаз-жүлдегерлерге сый-сияпаттар үлестірілді. Сонда-ақ жергілікті әнші-бишілер өз өнерлерін көрсетуден талған жоқ.

Осылайша көтеріңкі көңіл-күймен серуендеген оралдықтар қысты шығарып салды.

Масленица мейрамы аудан-ауылдарда да тойланды.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале