21.09.2015, 12:29
Оқылды: 21

Оралдық Назарбаев мектебі шәкірттерінің жеңісі

НЗМ (1)Астанада өткен республикалық роботты техника олимпиадасында оралдық зияткер шәкірттер жеңіске жетті. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған роботты техника олимпиадасының мақсаты - оқушылардың техникалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту, талантты шәкірттерді қолдау.

Биылғы олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық оқушы қатысты. Олар екі күн бойы төрт категория бойынша сайысқа түсті. Олипиада роботты техника бойынша бүкіләлемдік олимпиада (World Robot Olympiad) ережелері бойынша өтті.

Сайыс қорытындысында роботты техникадан өздерінің білімі мен білігін дәлелдеген Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі шәкірттері Ербол Абай мен Әділет Бекетов "қазына іздеу" категориясы бойынша бірінші орын, дәл осы категорияда Асан Бекқалиев пен Әділет Бекетов ІІ орынды иеленді.

НЗМСондай-ақ шығармашылық категориясы бойынша Динара Алманова мен Айдана Асанғалиева жүлделі бірінші орынды қанжығаларына байлады. Олар бұл сайыста өздері ойлап тапқан роботтарын ұсыну керек болатын. Біздің шәкірттер бұл категорияда үлкен тереңдіктегі су астын зерттейтін роботты техника құрастырған.

Ал футбол категориясында Арыстан Сабыр мен Мұратбек Болғанбаев төртінші орынға табан тіреді. Енді шәкірттеріміз қараша айында Катар Республикасы Доха қаласында өтетін халықаралық олимпиадада құрамамен бірге ел намысын қорғамақ.

www.zhaikpress.kz

Ақмоншақ Жұмаева

Сурет «Назарбаев зияткерлік мектебі»

әлеуметтік парақшасынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале