9.02.2016, 15:17
Оқылды: 17

Оралдық студенттер Мұқағали жырларын мәнерлеп оқыды

 Mykagali okulari  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты ақын туындыларын мәнерлеп оқу сайысы мәреге жетті.

Шараны ашқан университеттің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов Мұқағали жырларының мәңгі өшпейтіндігін, оны әлі талай ұрпақ жаттап өсетіндігін атап өтті.


Мәнерлеп оқу сайысында студенттер ақын өлеңдерін тебіреніспен оқып, тыңдармандарға жеткізуге тырысты. Олардың арасынан дараланып, ерекше көзге түскен машина жасау факультетінің І курс студенті Сақи Абатов жеңімпаз атанды.

Өңірде Мұқағалидың туған күніне орай осындай тағылымды шаралар ұдайы ұйымдастырылып келеді.

Айта кетейік, ертең Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Жүрегім менің - жанартау...» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале