18.12.2015, 18:07
Оқылды: 40

Оралдық суретшілердің мәртебесі

  Kazbek aga01  Қазақстан Суретшілер Одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалы - еліміздегі ең бастамашыл қоғамдық ұйымдардың бірі. Оралдықтардың ұсынысымен республикалық пленумда 15 қазан - Қазақстан Республикасы бойынша Суретшілер күні болып бекітілді.


   Жақында ғана филиал төрағасы Қайыр Оразғалиев Қазақстан Суретшілер Одағының шешімімен халық суретшісі Əбілхан Қастеев атындағы алтын медальмен марапатталды. Ал Манарбек Дәулетяров, Хайдар Шаблиев, Сергей Зинин, Сергей Бердник Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының Мадақтамасына ие болды.

   Kazbek aga

Бұған қоса бейнелеу өнеріндегі кəсіби шеберліктері үшін Төлепберген Сарманбеков, Ерғали Бекешев, Бақтығали Оразов, Əшім Тасқалиев, Асқат Абдешев Астана Суретшілер Одағы тағайындаған «Құрмет» төсбелгісін өңіріне тақты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале