15.05.2015, 19:23
Оқылды: 12

Оралдық шахматшы абсолютті әлем чемпионы атанды

11255155_821572181264128_576692384_nТайландтта шахматтан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 17 жасқа дейінгі шахматшылар арасында жерлесіміз, ОРАЛДЫҚ ШАХМАТШЫ Жанат Саин. Бұл туралы https://sport.mail.ru «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Паттая қаласында өтіп жатқан чемпионат әртүрлі жас мөлшерінде өтті. Жалпыкомандалық есепте, қазақстандық жас шахматшылар барлығы 9 медаль жеңіп алып, жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік шахмат турнирінде төртінші орынға табан тіреді. Қазақ шахматшыларының қоржынында бес қола, үш күміс және екі алтын медаль бар.

11104014_718416738268563_1666483921_nҚола жүлде: Самал Әбдуәлі (13 жасқа дейін), Арыстанбек Оразаев (17 жасқа дейін), Алтынай Қожамқұл (7 жасқа дейін), Қазыбек Нөгербек (11 жасқа дейін) мен Назерке Нұрғали (11 жасқа дейін).

Күміс: Әмина Қайырбекова, Аңсат Алдияр (7 жасқа дейін), Дениза Құрманалина (7 жасқа дейін).

Алтын: Жанат Саин (17 жасқа дейін), Әмина Қайырбекова (9 жасқа дейін) және Жанат Саин абсолютті чемпион.

Жас шахматшының бапкері - Мин Валерий Юрьевич.

Чемпион ертең «Алматы-Орал» бағытындағы ұшақпен туған қаламызға оралады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале