28.05.2015, 13:41
Оқылды: 27

Оралдық құтқарушылар ескертуде

ytkarushilar eskertudeЖазғы демалыс көбіне су жағасында өтеді. Бір өкініштісі жаз мезгіліндегі                су жағасындағы демалыс жыл сайын жүздеген адам өмірін алады. Жыл сайын құтқарушылар суға түсушілерге тек қана құтқару бекеті орналасқан орында ғана суға түсу керек екендігін ескертеді. Бірақ аптап ыстық уақытында, ыстықтан қорғану үшін демалушылар өзен, көлдерде шомылмағанда не істейді?

Біздің облысымызда 200-ге өзендермен, 144 жуық көлдер бар. Суға түсу ережелерін сақтамасы бұл су қоймалары қайғылы жағдайларға әкеліп соқтыру мүмкін.

Жыл бойы облысымыздың құтқарушылары судағы қайғылы жағдайларды алдын алу үшін көптеген жұмыстар жүргізеді. Жабдықталмаған жағажайларда рейдтер, жергілікті халықпен жиын, жалпы білім беретін мектептерде дәріс өткізіледі.

Өткізіліп  жүрген  жұмыстарға қарамастан суға батушылар өздерінің өмірлеріне салғырт қарағандықтан, күштерін, жағдайларын дұрыс есептемегендіктен осындай жағдайға тап болады. Жағдайды дұрыс қабылдамай, адбырағанның кесірінен адам суға батады. Бұндай жағдайлар қазіргі кезде көптеп кездесуде.

Мамыр айының соңғы он күндігіндегі аптап ыстық ауа-райының қалыптасуына байланысты БҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының кезекші бөлімдері Орал қаласындағы Металлист зауыты, Чапаев атындағы айлағы аудандарында орналасқан жабайы жағажайларда рейд жүргізіп суға түсішілерге әсіресе балаларға жабдықталмаған жерде суға түсуге қауіпті екенін түсіндіруде. Профилактикалық жұмыстар суға түсу маусымының аяғына дейін жалғасады.

www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖД ЖҚЖ бас құтқарушысы Д. Акмуханова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале