22.02.2016, 10:02
Оқылды: 15

Оралдық үй-күйсіз жігіт рубльмен миллионер атанды

Oraldik millioner   Орал қаласындағы бейімдеу орталығында тұрып жатқан белгілі тұрағы жоқ Владимир Радкевич кенеттен екі миллион рубльдің иесі болып шға келді, деп хабарлады Фейсбук әлеуметтік желісі «Информбюро» жергілікті басылымына сілтеме жасап.


Ер адам бұл соманы сканвордтарды шешу арқылы ұтып алды. Журналистер оралдық миллионерді іздестіргенде, Радкевич орталықта болмады. Оның досы Владимир Власов банкке кеткен шығар, деп мәлімдеді.

«Ол сканвордтарды шешіп, бір жаққа жіберіп жатты, сірә, Мәскеуге жіберген шығар, - деді Владимир Власов. - Одан кейін оған хат келді. Онда ұтыс туралы хабарланған  және сауалнама жіберілген. Оны толтырып, банкіге тапсыруы тиіс болды, одан кейін ақша аударылмақшы екен. Ол сонда кеткен болуы керек, мен телефон соғып, хабарласа алмадым».

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале