7.05.2016, 14:15
Оқылды: 21

Оралдық өрендер олжамен оралды

Screenshot_2016-05-07-14-11-44-1Қаламыздағы №3 балалар саз мектебінің өрендері Алматы қаласында өткен республикалық "Тайжарыс" радио байқауынан олжамен оралды.


 

Еліміздің әр өңірінің өнерлі балғындары бақ сынаған байқауда эстрадалық вокалдан Аяна Қажымова бас жүлде иеленсе, Ерназар Темір екінші орын, ал Мұхаммед Ізмұқан дәстүрлі әннен бас жүлде алды.
Өңіріміздің мерейін асырған байқау жеңімпаздарын №3 саз мектебінің ұжымы бүгін "Алматы -Орал" поезынан салтанатты жағдайда күтіп алды.

Аяна Қажымова 63 бәсекелесінің де мықты болғанын айтса, Мұхаммед Ізмұқан бір кездері атасы орындаған "Мұхит Мералыұлының "Көкайдай" әні сәттілік сыйлады, - дейді.

Өнерлі өрендерге белгілі дәстүрлі ән- терме класының оқытушысы Фархат Оразов пен дауыс қойылымы класының оқытушысы Әсел Муржанова жетекшілік жасады.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале