1.09.2015, 15:30
Оқылды: 25

Оралдық 11 зияткер-түлек шетелге оқуға кетті

Nazarbaevski     Биыл Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен 133 оқушы түлеп ұшты.

Олардың жиырма екісі өз білімдерінің күштілігін дәлелдеп Назарбаев университетіне түссе, 98-і еліміздің өзге жоғары оқу орындарының білім грантына қол жеткізді. Сондай-ақ түлектердің он бірі шетелдік оқу орындарын таңдады. Олардың алтауы тегін білім алатын болады.

-Түлектер көбінесе техникалық бағыттағы мамандықтарды таңдайды. Олардың арасында «Автоматтандыру және басқару», «Ақпараттық жүйелер және технологиялар», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «Энергетика және мұнай-газ индустриясы» секілді мамандықтар көш бастап тұр. Сондай-ақ физика, химия, ағылшын тілі мұғалімі болғысы келетіндер мен жалпы медицинаны да таңдағандар бар - дейді аталмыш мектептің кәсіптік бағдар беру жөніндегі инспекторы Марат Иржанов.

www.zhaikpress.kz

Ақмоншақ Жұмаева

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале