23.02.2016, 10:32
Оқылды: 32

Оралдың «Ақжайығы» «Маякты» тағы да тізе бүктірді

dopti xokkei   Допты хоккейден «Жоғары лига» бүкілресейлік жарысының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» 21 ақпан күні Краснотурьинскінің «Маяк» командасымен екінші ойында да 6:3 есебімен қарсыласын тізе бүктірді.


Кешегі кездесуге қарағанда, бұл матч тартысты өрбіді. Тіпті қонақтар 3:3 етіп, есепті теңестіре алды, бірақ одан әріге шамасы жетпеді. «Ақжайықтан» ресейлік легионер Максим Пьянов қос доптың авторы атанса, команда капитаны Ескендір Нұғманов, Максим Өтебалиев, Самат Аманшин бір-бірден гол соқты. Тағы бір ресейлік Сергей Башаев соңғы голдың авторы атанғанымен, 77-минутта 12 метрлік айып добы белгіленгенде, қақпашыдан айласын асыра алмады.

Осы кездесуден кейін 26 ойында 35 ұпай жинаған «Ақжайық» бесінші орынға көтерілді. 24-25 ақпан күндері Дмитрий Иванниковтің шәкірттері маусымдағы соңғы кездесулерін өз айдынында Верхний Уфалейдің «Никельщик» командасымен өткізеді.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале