5.10.2015, 14:11
Оқылды: 18

Оралдың өз бояуы қанық

DAMU kori    «ИнкомЭнерго-КZ» ЖШС бұрын электржарықтандырғыш техникасын,  кәсіпорын және құрылыс жабдықтарын, мұнайгаз саласына қажетті қосалқы бөлшектерді тасымалдаумен, жабдықтаумен айналысты. Биыл фирма ауаны салқындатқыш құрал-жабдығын шығаратын ірі «ALMACOM» компаниясының өңірдегі диллері қызметіне кірісті. Құрылыс салу жұмыстарына лицензия алды.  Сонымен қатар облыста бірінші болып сулы-дисперсиялы акрилді бояуларын өнідірісін іске қосты. 

Бүгінде компания бояулардың 10 шақты түрін өндіреді. Өнім түрлерінің жоғары экологиялық, ауа өткізгіш әрі өртті тудырмайтын қасиеттеріне қарай құрылыс жұмыстарына, соның ішінде балалар мекемелерінің, қоғамдық тамақтандыру орындарының, ауруханалардың ішкі әрлеу жұмыстарына пайдалануға жарамдылығын айтады. Оралдық бояу түрлерін облыс орталығындағы құрылыс материалдары сауда орындарыннан табуға болады.

«Даму» қоры бұл компанияға сервистік (мамандарын оқыту), ақпараттық қолдау бағытындағы көмектерін көрсетуде.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале