18.11.2015, 11:27
Оқылды: 20

Орал-Кирсанов тас жолында жол көлік оқиғасы орын алды

Kamaz01  Кеше сағат 17:00 шамасында Орал-Кирсанов тас жолында жол көлік оқиғасы орын алды. Жолдың тайғақтығынан КамАЗ жүк көлігінің тіркемесі жолдың қарсы бетіне шығып кетеді.

Kamaz03

Оған қарсы бағытта келе жатырған екінші КамАЗ жүк көлігі соқтығысады.


Оқиға салдарынан екінші КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі жабық бас сүйек-ми жарақатын алып облыстық ауруханаға жеткізілген.

Kamaz02

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде деп, хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметінен.

www.zhaikpress.kz

Әділғазы Кереев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале