27.10.2015, 18:06
Оқылды: 25

Орал-Тасқала-Озинки күрежолы қайта жаңғыртылуда

12191957_1653834431531307_844856547329088689_nТасқала ауданының әкімі Санжар Әлиевтің айтуынша, халықаралық маңызы бар Орал-Тасқала-Озинки күрежолын қайта жаңғыртуға қажетті қаржы республикалық бюджеттен қаралған.

- Тасқала ауданы бойынша ауылішілік жолдарды бірінші кезекте қалпына келтіруге кірістік. Әрине, экономикалық қиындықтарға байланысты күрделі жөндеуге қаражат әзірге жеткіліксіз. Бізді қуантатыны-Орал-Тасқала-Озинки күрежолын салып жатырған «Юнисерв» компаниясы асфальтбетон өндіретін зауытты іске қосуды жоспарлауда. Ол іске қосылғасын ауданға да шарапаты тиеді деген үміттеміз,- дейді Санжар Әлиев.

Ағымдағы жылы ауылішілік 6,8 шақырым жолға жергілікті материалдар төселіп, 49 шақырым жол тегістелді. «Өңірлерді дамыту-2020», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламалары бойынша Тасқала ауылындағы екі қос қабатты тұрғын үйді жөндеуден өткізуге республикалық бюджеттен 12 млн. 918 мың теңге қаражат бөлініп, қазіргі таңда жұмыс толық аяқталды.

www.zhaikpress.kz

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале