18.02.2016, 13:21
Оқылды: 28

Жайық, Шаған және Деркөл өзендері алқаптарында орналасқан 72 бақ және саяжай серіктестіктері тұрғындарына рейд жүргізілуде

 Reid Totenshe  Облыста өткізіліп жатырған тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі және су тасқыны жағдайының алдын алу айлықтары аясында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мүмкін деген су тасқынына кететін аймақта орналасқан аумақтар бойынша аулаларды аралады. Жоғары мөлшерде қамту үшін рейдке Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды.


Қала аумағында Жайық, Шаған және Деркөл өзендері алқаптарында 72 бақ және саяжай серіктестіктері орналасқан. Жайық, Шаған және Деркөл өзендері алқаптарында орналасқан Орал қалалық бағбандар және бақшашылар қоғамының мәліметтері бойынша бақ және бақша бірлестіктерінде қазіргі уақытта тұрақты түрде жалпы саны 10 851 адам, оның ішінде, 3 586 балалары бар 6 288 отбасы тұрып жатыр.

Рейд барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғау мақсатында суға кету қаупі бар аймақтарда өмір сүретін халыққа мүмкін деген су тасқыны кезінде іс-әрекеттер қағидалары, сонымен қатар өртке қарсы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Н.С.Таубеков айтқандай, қазір үйлерін су тасқыны сулары басу мүмкіндігі бар саяжай ауылдары тұрғындарына қажетті ақпаратты жеткізуге ерекше көңіл аударылуда. Әр адамға бұл табиғи апаттың қауіптілігі туралы түсіндіріледі, төтенше жағдайлар кезінде көшіру жағдайында орналастыру орнын көрсетумен іс-әрекеттер бойынша кеңестер беріледі.

Тұрғындарға су тасқыны жағдайында көшіру алдында өзімен бірге құжаттар, құндылықтар, бірінші қажеттілік заттарын, қажетті дәрі-дәрмектер,  сонымен қатар, ауыз суы мен азық-түлік өнімдері қорын алу қажеттілігі түсіндірілді. Өзендер суларының көтерілуінен бұрын ағыстар, арналар, ойпаттардың қиылысуын болдырмай, дөң жерлер бойынша тұрғын орнынан кіру және шығу бағдарларын алдын ала анықтау.

Өзендерде су көтеріле бастаған кезде тұрғын орындарда қалатын мүлікті жоғары қабаттарға, шатырларға көтеру және міндетті түрде, өздері шығып және мүлікті, малды, құстар мен үй жануарларын қауіпсіз аймаққа көшіру.

Тұрғындар өрт қауіпсіздігі туралы көп нәрсе біледі, профилактикалық әңгімелесулерден бас тартпайды. Рейдке қатысушылар азаматтарға су тасқыны кезінде өздерін қалай ұстаулары керектігін естеріне салып, іс-әрекеттердің, сонымен қатар өрт кезінде де іс-әректетердің егжей-тегжейлі сипаттамасымен жадынамалар таратты. Департамент қызметкерлері авариялар, өрттер және төтенше жағдайлар кезінде кез-келген ұялы телефонна, тіпті сим-карта болмаған жағдайда да, бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 112 телефоны бойынша қоңырау шалуға болатындығын айтты.

www.zhaikpress.kz

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале