18.10.2016, 18:24
Оқылды: 27

Орал шаһарында – республикалық әншілер байқауы

 

????????????????????????????????????

        Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының залында халық композиторы, әнші-ақын Мұхит Мерәліұлының 175 жылдығына арналған «Сары дала сағынышы – сал Мұхит» атты әншілер байқауының ашылу салтанаты оздырылды.


 

         Алдымен сахна төріне өнер додасына қатысушылар құрметпен шақырылды.

         Республикалық байқаудың ашылу салтанаты облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжановтың құттықтау сөзімен ашылды.

         Сахна төріне көтеріліп, сөз сөйлеген Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Ақұштап Бақтыгерееваның орамды ойы көпшілікке ой салды.

  • Қазақ даласын тебіренткен ән мерекесі, бабаға тағзым мерекесі құтты болсын! Тойларыңыз тарқамасын.

Мен Мұхитты көптен жаздым. Оның әндерін ерте, жас кезімнен тыңдадым. Сондықтан болар, баба мұрасын ұлықтап, «Мұхитты жырлау үшін үлкен жүрек, Мұхитқа шырқау үшін дала керек!» деп, оны жырға қостым.

Тон тозып, уақыт озып, қайдан білсін,

Мұхиттың әні мәңгі қалатынын...

Ол кезде де билер болды. Ол кезде де байлар болды. Өзі де төре тұқымынан еді. Ағаларына ермей өтті. Ол кезде де шалқығандар болды. Жылқысының санын білмейтіндер болды. Бірақ, уақыт өтті. Тон тозды. Уақыт озды. Міне, 175 жыл бойы Мұхитттың әні елмен бірге мәңгі жасап келеді. Басқасының бәрі өткінші. Өнер ғана мәңгі. Мұхиттың әнін шырқаңдар, жастар! Бұл ән – өлмейтін ән. Қазақтың жігерін, рухын көтеретін, өлтірмейтін ән, ол әрине, Мұхиттың әні! - деді А.Бақтыгереева.

         Дәл қазіргі уақыттарда Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның залында Үш жүзден ән оздырған дарынды дала бұлбұлы Мұхит бабамыздың 175 жылдығына арналған «Сары дала сағынышы – сал Мұхит» атты республикалық әншілер байқауының І кезеңі өтуде.

         Байқауға қатысушы әншілер байқау талаптарына сәйкес, І кезеңде дарынды дала бұлбұлы М.Мерәліұлының бір әнін, жезтаңдай әнші Ғ.Құрманғалиевтің бір әнін, халық композиторларының бір әнін орындауда.

 

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе-Орал

Суреттерді түсірген

Райымбек АБАЕВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале