25.03.2016, 9:57
Оқылды: 19

Орал қалалық мәслихатының депутаттары қызметіне кірісті

kalalik    Орал қалалық мәслихатының алғашқы ұйымдастыру сессиясы болып, онда мәслихат хатшысы сайланып, тұрақты комиссиялар құрамы мен төрағалары бекітілді.

  Орал қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Төкешева сайлау қорытындысын жария еткеннен кейін жаңадан сайланған депутаттарға куәліктері тапсырылды.


   Қалалық мәслихатқа барлығы 20 депутат сайланды. Атап айтқанда, Аққали Әубекеров, Нұржан Сертеков, Серік Мұхамбетқалиев, Дархан Қадыралиев, Ләззат Рысбекова, Сергей Доля, Марат Қаженов, Әлия Сәлиева, Жантас Сафуллин, Валерий Власов, Құрманғазы Қажиденов, Азамат Бисенов, Әлібек Әжмағамбет, Тұрарбек Тілемісов, Амангелді Ермекқалиев, Наджаф Мамедов, Валентина Михно, Лилия Хайруллина, Валерий Крылов, Ақтілек Өмірбаев депутат орындығына отырды. Олардың 18-і «Нұр Отан» партиясынан болса, екеуі «Ақ жол» партиясынан.

Сессияда Аққали Әубекеров Орал қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды. Аққали Үмбетқалиұлы өзіне көрсетілген сенім үшін ризашылығын білдіріп, Елбасы алға қойған міндеттерді орындау жолында бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

  www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале