28.12.2015, 17:09
Оқылды: 26

Орал қаласында автокөлікке құятын, сұйытылған пропан газы тапшы болуда

   Gaz stanciasi Соңғы кезде қаламызда автокөлікке құятын, сұйытылған пропан газы тапшы болуда. Биылғы «АИ-92» маркалы бензиннің қымбаттауы салдарынан қаламызда қоғамдық көліктен басқа жеңіл автокөліктер де көгілдір отынмен жүруге қызығушылық танытып, жаппай қондырғыларын орнатуда.


     Алайда газбен жүретін жеке автокөліктердің көбі әкімшілік полицияға тіркелмеген. Тек облысымыз бойынша 3454 автокөлік қана тіркеуде тұрғаны белгілі болды. Мониторинг қорытындысына сүйенсек, 10 автокөліктің екеуі ғана ресми түрде тіркелген екен.

        Осыған байланысты облысымызға бөлінетін сұйытылған газдың лимитін жыл сайын энергетика министрлігі әкімшілік полициядан түскен мәліметпен бекітеді.

       -Биыл ай сайын облысымызға 1000 тонна көгілдір отын жеткізілді. Ал келесі жылы 1,5 немесе екі мың тонна сұйытылған газ станцияларға жеткізіледі деп жоспарлап отырмыз - дейді БҚО тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқармасының басшысы Бауыржан Талдықбаев.

www.zhaikpress.kz

Әділғазы Кереев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале