9.01.2016, 13:51
Оқылды: 28

Орал қаласында жасанды мұз айдындарының санын 35-ке жеткізу жоспарлануда

 Myz aidini  Оралда жасанды мұз айдындарының саны көбейді деп хабарлайды www.24.kz сайты. Бұл балалардың қысқы демалысын қызықты өткізуге мүмкіндік береді. Қазір қаладағы 16 аула клубының мүшелері жаңа мұз айдынында бас қосып, хоккейден сынға түсуде. Мұнда кез келген қала тұрғыны келіп сырғанақ тебе алады.


Қала билігі таяу арада осындай жасанды мұз айдындарының санын 35-ке жеткізуді жоспарлап отыр. «Күні бойы көк жәшікке телміргеннен гөрі таза ауада асыр салып ойнаған аса пайдалы. Сондықтан жеткіншектердің епті де шымыр болып өсуіне барлық жағдайды жасаймыз», - дейді мамандар.

 - Жоспарға сәйкес көптеген спартакиадалар өткізіледі. Аардагерлер, мүгедектер, оқушылар мен қала тұрғындары арасында. Соның ішінде осы аула клубтары арасында, балалардың демалыс уақыттарын пайдалану үшін, салауатты өмір салтын насихаттау үшін демалыс күндері неше түрлі жарыстар өткізіледі.- дейді қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Азат Қазиханов.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале