28.10.2015, 16:45
Оқылды: 41

Орал қаласында жерлес батырға ескерткіш ашылды

Майданов (1)Бүгін Орал қаласында Ресей Федерациясының батыры, ұшқыш жерлесіміз, полковник Николай Майдановқа ескерткіш ашылды. Кеудемүсін ҚР Қорғаныс министрлігі Орал әскери-техникалық мектебі ғимараты алдына орнатылған.

Майданов (2)Салтанатты шараға Ресейден арнайы батырдың қаруластары, тума-туыстары, Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, Орал гарнизоны әскери прокуратурасының өкілдері, қаладағы әскери оқу орындарының жетекшілері мен шәкірттері қатысты.

– Өшпес ерлік өскелең ұрпаққа өнеге екені, патриотық тәрбиенің артуына негіз болатыны анық. Жерлесіміз, сайыпқыран сардар Николай Майдановқа құрмет көрсету – қазақстандықтар үшін зор мәртебе. Бүгін Ресейден әскери ұрыстарда бірге болған қаруластары, көзкөрген әріптестері арнайы қатысуда. Батыр есімін әрқашан ұмытпаймыз, – деді шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

майданов 4Ресей батыры, Ростов облысы губернаторының кеңесшісі Александр Дзюба полковник Николай Майдановтың ерлікпен қаза тапқанын, қысқа ғұмырында өшпес із қалдырғанын атап өтті. Содан соң Николайдың ағасы Виктор Майданов, РФ батыры, полковник Николай Ярцев, тікұшақ ұшқыштарының Самара өңірлік қорының төрағасы, полковник Владимир Ерёма, ҚР Қорғаныс министрлігі Орал әскери-техникалық мектебінің бас директоры Владимир Щацков сөз сөйлеп, батыр-ұшқыштың ескерткіші Орал қаласында тұрғызылғанына алғыс білдіріп, ер есімін мақтан тұтатындарын айтты.

Майданов (3)Ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Келген қонақтардың қатысуымен «Азамат соғысының жас батырларынан қазіргі өжет Отан қорғаушыларына дейін» атты әскери-тарихи ансамбль аллеясына қарағай көшеті отырғызылды.

Айта кетейік, Николай Сайынұлы 1956 жылы бұрынғы Жымпиты ауданы Тасқұдық ауылында туған. Германиядағы Кеңес әскери тобының құрамында Отан алдындағы борышын өтеді. 1976 жылы Саратовтағы ұшқыштар училищесіне түседі. 1984, 1987 жылдары Ауған соғысына қатысып, ерекше көзге түседі. Ұшақпен 1250 әскери ұрыс жасаған. 1988 жылы Кеңес Одағының Батыры атанды. 1999-2000 жылдары тікұшақтар полкының командирі, полковник Николай Майданов Шешенстан Республикасындағы әскери операцияларға қатысқан.

www.zhaikpress.kz

Нұртай Текебаев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале