Некрасов және Лермонтов көшелерін күрделі жөндеуден кейін, 14.11.2015 жылдан бастап аталған көшелермен көлік қозғалысы қайта қалпына келтірілмек.
Осыған байланысты Құрманғазы көшесі бойымен біржақты қозғалыс М. Ықсанов көшесінен Некрасов атындағы көшеге дейін ұзарады. Ал теміржол бекетіне барар бағытта біржақты қозғалыс Некрасов - Лермонтов - Савичев - Мұхит көшелерімен Сарайшық көшесіне дейінгі аралықта болмақ.
Орал қаласы әкімінің
баспасөз қызметі