6.11.2015, 13:11
Оқылды: 20

Орал қаласында «Қыс – 2015» тактикалық жаттығулар өткізілді

Kis2015

 

Орал қаласында «Қыс – 2015» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде арнайы тактикалық жаттығулар өткізілді.

Шара П. Атоян атындағы стадионның алдында жедел қызметкерлер мен техникалардың дайындығын тексеруден басталды.

Оқу-жаттығу кезінде Жәңгір хан көшесіндегі Шаған өзенінен өтетін көпір тұсында жұқа мұздың ойылу салдарынан суға батқан автокөлік жолаушыларын құтқару, көктайғақ кезінде Орал-Атырау тас жолының бойындағы Круглоозерное ауылы маңында көлік апатына ұшырағандарға жедел көмек көрсету, сондай-ақ қала ішіндегі электр желілері мен газ құбырларында орын алған апаттық жағдайларды қалпына келтіру жұмыстары ойдағыдай жүзеге асырылды.

- Тәжірибелік сабаққа жедел әрекет ететін жасақтың облыстық және қалалық құрамынан 135 адам және 42 арнайы техника қатысты. Оқудың мақсаты  жедел құтқару қызметкерлерінің өзара бірлескен түрдегі іс-қимылдарының тиімділігі мен нәтижелілігін шыңдау болды, - дейді облыстық ТЖД-дағы төтенше жағдайларды жою бөлімінің басшысы Нұрболат Мұқаев.

  www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале