26.11.2015, 12:27
Оқылды: 23

Орал қаласында Ұрланған «Нива» автокөлігін Орал – Атырау жолында Ақжайық аудандық полиция қызметкерлері ұстады

Akjayik NIVA   23 қарашаның кешінде Ақжайық аудандық ішкі істер бөліміне Оралдан шұғыл хабар түседі. Сол күні сағат 20.00 – 22.00 шамасында облыс орталығындағы Әбілқайырхан даңғылында біреу оралдық тұрғынға тиесілі «Нива» автомобилін айдай жөнелген. Оны ұстау үшін жер-жерде тиісті шаралар басталады.


 

Келесі, яғни 24 қараша күні сағат 17.00 шамасында қолды болған автомашинаны Орал – Атырау жолының 118 километрінде Ақжайық аудандық әкімшілік полициясының қызметкерлері Сәбит Айтуаров пен Эльдар Манашев байқап, тоқтатады. Рөлдегі бұрын сотталған, оралдық Н. болып шығады. Бұл күдікті әуелде де осындай қылмысқа барған екен. Н. қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілді.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале