19.05.2016, 17:01
Оқылды: 25

Орал қаласында 19-20 мамырда найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-ке дейін күшейеді

Oral naizagai     «Қазгидромет» РМК-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының 2016 жылғы 19 мамырдағы мәліметі бойынша 19-20 мамырда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде найзағай, қатты жаңбыр, оңтүстік-шығыстан соғатын желдін жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.


     Орал қаласында 19-20 мамырда найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-ке дейін күшейеді.

   Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін.

  ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале