5.04.2016, 11:48
Оқылды: 22

Орал қаласының әкімі болып Н.Төреғалиев тағайындалды

Narimannn      Президент Әкімшілігі келісімімен және Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Көлгіновтың өкімімен бұған дейін БҚО әкімінің орынбасары болып жұмыс жасаған Нариман Төреғалиев Төреғалиұлы Орал қаласының әкімі болып тағайындалды.

     Н.Төреғалиев 1964 жылы бұрынғы Тайпақ ауданы Есенсай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (инженер-экономист), 2004 жылы Каспий қоғамдық университетін (заңгер) бітірген.


Еңбек жолын 1981 жылы «Есенсай» кеңшарында жұмысшы болып бастады.

1982-1984 жылдары Кеңес әскері қатарында, Венгрияда қызмет етті.

1985-1990 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында оқыды.

1991 жылы Теректі ауданы Ұзынкөл ауылындағы мамандандырылған шаруашылық бірлестігінде экономист, 1991-1995 жылдары осында бас экономист, 1995-1997 жылдары аталмыш ауылдағы шаруа қожалығында жұмыс істеді. 1997-1999 жылдары Ұзынкөл ауылында «Әйтиев» өндірістік кешенінде бас экономист әрі жабдықтаушы қызметін қоса атқарды.

1999-2001 жылдары - Ұзынкөлдегі «Ақжол» шаруа қожалығының басшысы.

2001-2002 жылдары Теректі аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы, 2002-2003 жылдары Орал қаласындағы жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры, 2003-2005 жылдары облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары,  2005-2008 жылдары БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары, 2008-2010 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі БҚО бойынша департаментінің директоры болды.

2010-2012 жылдары БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы.

2012-2015 жыл аралығында – Ақжайық ауданының әкімі

2015 жылдың 12-ші маусымынан – БҚО әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале