19.10.2016, 16:22
Оқылды: 40

«Орал өңірі» – қашаннан бергі сүйенішіміз

????????????????????????????????????

  Дәргүл СҮЛЕЙМЕНОВА,

«Дәргүл» тігін салонының иесі (Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы).

Біздің салон менің анам Дариға Сүлейменованың басшылығымен 2000 жылдан бастап іске кіріскен-ді. Маған тігіншілік өнердің қыр-сырын ерте жастан үйреткен анам зейнеткерлікке шыққан соң, тізгінді маған сеніп тапсырды. Ұжымда 10 адам еңбек етеміз. Хал-қадірмізше халықтың сенімінен шығу үшін әрдайым ұмтылып келеміз. Яғни, тапсырысқа сай түрлі киім тігіп, көрпе-жастықтан бастап, қыз жасауын да дайындаймыз. Мекемелерден тапсырыстар да қабылдап тұрамыз.


Жұмылып еңбек етумен қатар әрине, рухани дәулетімізді де естен шығарған емеспіз. Баспасөз – қашаннан бергі серігіміз, сырласымыз, кәсібімізге, тірлігімізге, тұрмысымызға сүйенішіміз. «Орал өңірінің» де әр жаңа санын асыға күтеміз. Оқып, тоқып, ой түю мына жаңа заманның бір зор талабы емес пе. Ұжымдағы алты адамды өз табысымыздан жыл сайын «Орал өңіріне» жаздырып келемін. Алдағы жылға да бұл дағдым ұмытылған жоқ. Келер жылы алғашқы саны шыққанына ғасыр толғалы отырған басылымнан толғауы тоқсан тіршіліктің талай тынысын тап басамыз. Соңғы кезде газеттің кейпінде, макетінде көзтартарлық өзгерістердің бары да көңілімізден шығады.

www.zhaikpress.kz

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале