20.06.2016, 17:51
Оқылды: 27

Органның отырысы өтті

Органның отырысы өтті   Теректі аудандық әкімдігінің кіші мәжіліс залында қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларына атқратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі аудандық консультативтік-кеңесші органының жиыны өтті.


   Оған аудан әкімінің орынбасары А.Тоқжанов төрағалық етті. Жиында пробация қызметінің 6 айлық жұмысының қорытындысы сөз болды. Баяндама жасаған №1 аудандық пробация қызметінің бастығы Д.Идгенев жасалынған жұмыстар мен оның дәлелі саналатын цифрларды жіпке тізді. Сонымен қатар жазасын өтеп шыққан немесе шартты түрде жаза кесілген аудан тұрғындарының жағдайы баяндалды. Аудан бойынша қателікке ұрынып, жазабасқан, одан соң қоғамға араласуды көздеген тұрғындарымыздың 2-еуі тұрақты жұмыс тапса, 5-еуі қоғамдық жұмысқа тартылған.  Жоспарда бұл статистиканы жоғарлату көзделген. Сол мақсатта қылмыстық жазасын өтеген адамдарды арнайы оқуға жіберу, тұрақты жұмысқа орналастыру үшін шаруа қожалықтарымен келісімге келу, бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне шақырту секілді шараларды атқару ойда  бар.

   Кеңесші органның отырысында  пробация  қызметінің материалдық-техникалық базасының жағдайын жақсарту да ойластырылды. Аталмыш қызметтің өкілдері заман талабына сай технологиялардың кемшіне кендігін алғатартып, аудан басшылығынан осы жағдайдан шығу жолдарына көмектесуді сұрады. Аудан әкімінің орынбасары А.Серғазыұлы жиында айтылған мәселе жерде қалмайтынын жеткізді.

www.zhaikpress.kz
Әділет ЗЕРЕ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале