30.09.2015, 13:55
Оқылды: 24

Ордаға редакторлар жауған күн!

Orda redaktor 02   Бөкей ордасы аудандық "Орда жұлдызы" газетінің 85 жылдық мерейлі жасына орай Бөкей ордасында түрлі мазмұнды шараларға облыстық, аудандық газеттердің редакторлары арнайы қатысуда. Түрлі жылдары аудандық газеттерге редактор болған азаматтар Хамит Сүлейменов пен Балмолда Тоқсановқа арналған бұрынғы редакция ғимаратына тақта ілінді.

Мəдениет үйінде "Қазақстан" газеті туралы деректі фильм көрсетіліп, баспасөз тарихына орай баяндамалар оқылды. Зеленов аудандық газетінің редакторы Нұржан Тоғызбайұлы Алматы қаласындағы Кітап палатасынан алдырылған "Орда жұлдызы" газетінің 1939-1944 жылдардағы "Жаңа жол" атауымен көрген нөмірлерінің электрондық нұсқасының көшірмесін аудандық газет редакциясына табыстады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале