29.02.2016, 17:09
Оқылды: 19

Орманның жайқалғаны – ел олжасының молайғаны

Akjayik ormannin jaikalgani   Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің ұжымы үшін бүгіндегі үлкен қам-қарекеттердің бірі – тал-ағаш зиянкестеріне қарсы күрес. Бұл орайда сыннан өткен биологиялық тәсіл пайдаланылуда. Құстарға қамқорлықты өрістету, сөйтіп, олардың орман зиянкестерінің «тайраңдауына» жол бермеуіне мүмкіндік жасау, яғни, оларды баспанамен қамтамасыз ету жөнінде жұмыс кең қанаттануда.


Айталық, Қарша орманшылығының қызметкерлері Ілбішін, Мерген, Қабыл және Битілеу ауылдарындағы мектептер оқушыларын көмекке шақыра отырып, бүгінге дейін 30 дана құс ұяларын тоғайда орнатты. Бұл ұл-қыздарды еңбекке баулудың жолы болып табылатыны да мәлім. Орманшылар сондай-ақ, жасыл желектің жұпсыз жібек көбелегінен зақымдануын анықтау үшін сынақ алаңын жасады. Сонымен қатар олар тұқымбақта егу үшін 32 мың дана жыңғылдың шыбық-кесінділерін жинады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале