8.10.2015, 12:04
Оқылды: 24

Ортақ меморандумға қол қойды

Janakala Ortak memorandumga kol   Ағымдағы жылдың қазан айының 2 күні Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Исатай, Индер, Бөкей Ордасы аудан әкімдерінің және дербес бөлім, мекеме басшылары қатысуымен ынтымақтастық меморандум жөніндегі кеңес өтті.  Кеңес отырысын аудан әкімі Лавр Хайретдинов ашып, жүргізіп отырды. Аудан әкімі Лавр Рашидұлы келген қонақтарға қош келдің айта келіп:

-Бүгінгі күні ауданымызда еліміз аралас, малымыз қоралас, шекарамыз ортақ, ежелден көршілес  Атырау облысының Исатай және Индер аудандары әкімдерінің қатысымен ынтамақтастық меморандумға қол қою жоспарланған болатын. Бұл саяси құжат шекаралас жатырған аудандармен ауыл шаруашылық, мәдениет, білім, медицина және кәсіпкерлік салалары бойынша тәжірибе алмасу, табиғи апаттардың алдын алу, аудандардың ортақ маңызды мәселелерін бірлесіп шешуде іс-қимылдарымызды үйлестіріп отыру мақсатында жасалмақ,-деді.

Халыққа һәм қоғамға қажетті салаларды қамтыған бұл меморандум алдағы күнде де әр аудан үшін де тиімді болмақ. Жиын барысында жылы лебізін білдірген Исатай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеміс Қизатов салихалы сөз саптап, игі іске мұрындық болған басшыларға батасын берді. Сондай-ақ Исатай ауданынан келген делегация арасынан, елімізге белгілі сазгер, айтулы дәстүрлі әнші Гүлмайдан Сүндетова қасиетті қара домбырамен тағылымды әнін тарту етсе, Индерліктер жерлестері бард ақын Табыл Досымовтың әуезді әнін шырқап берді. Сосын тараптар өзара естелік сыйлықтарын табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале