24.07.2015, 19:41
Оқылды: 16

Орынборлық кәсіпкерлер ынтымақтаса жұмыстануға шақырды

rossia kazahstan    Жұма күні облыстық кәсіпкерлер палатасында «Еуразия» Ресей-Қазақстан Сауда Үйінің өкілдері мен облыстың бизнес қауымдастығының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

    Аталмыш басқосуда екі елдің серіктестік қарым-қатынасын дамытуға арналған жаңа жобалар ұсынылып, оны жүзеге асыру жолдары талқыланды.  Мысалы, жиында сөйлеген «Неплюев» медиа-холдингінің қожайыны Андрей Саблин жиналғандарды Ресейден шығатын «OKASIA» журналымен таныстырып, қазақстандық кәсіпкерлерге осы басылым арқылы өздерінің Ресейге тауар шығару барысында туындап жүрген түйткілді мәселелерін айтуға шақырды. Оның сөзінше, осындай мақалалар ЕЭО басшыларының көзіне шалынып, нәтижесінде қазақстандық кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерінің оңтайлы шешілуіне себепші болуы мүмкін.

Бұдан кейін сөйлеген «Еуразия» Ресей-Қазақстан Сауда Үйінің бас директоры Евгений Мостовенко аталмыш Сауда Үйін  екі ел арасындағы алтын көпір деп атады. Өйткені, осы Сауда Үйі арқылы Ресей аумағында қазақстандық тауарлардың қалыпты сауда-саттығын ұйымдастыруға болады. Аталмыш Сауда Үйінде кәсіпкерлерге заңгерлік және қаржылық қызметтер көрсетіледі. Бұл жерде екі елдің кәсіпкерлерінің тәжірибе алмасуына және тауарларын өткізу барысында туындаған түйткілді мәселелерді бірігіп шешулеріне мүмкіндік бар. Жиын барысында «Союз» Сауда Үйінің өкілдері газбетонды блоктар мен үй тұрғызуға арналған Ресейдің сапалы ағаштарын слайттар арқылы жарнамалады. Осы басқосуды оңтайлы пайдаланған  «Forlife Oral» ЖШС бас директоры Дәурен Әлиасқаров екі елдің кәсіпкерлерін интернет қызметін пайдалануға шақырды.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале