8.04.2016, 17:31
Оқылды: 20

Отанды қорғау-борыш

????????????????????????????????????

     Бүгін «Нұр Отан» партиясының  «Ұлы Дала Елі» жобасы ауқымында «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жәнібек колледжіндегі студенттермен кездесу оздырылды. Жиынды колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Аткешова кіріспе сөзбен ашып, кездесуге келген меймандарды таныстырды.


     Бұдан соң «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сағынбек Стамов бүгінгі жүздесудің тақырыбы - Отанды қорғау, патриотизм турасында екендігін, осы тақырыппен тығыз ұштасып, байланысып жатқан жастардың әскери міндетін абыройлы өтеу мәселесі жөнінде  келелі әңгіме өрбітті. Бас қосу барысында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Нұржан Әбдікешев бүгінгі таңда аудан көлемінде алдыңғы жылдармен салыстырғанда әскерге барудан жалтаратындардың қатары азайғандығына айқын деректер келтіріп,келер жылдан бастап әскерде қызмет ету мерзімі бір жыл жарым болатындығын, әскерден себепсіз бастартатындардың жауапкершілікке тартылатыны туралы тиісті заңнама барлығына, ол бойынша  әскерден жалтарғандардың, тіпті, бас бостандығынан шектелетініне дейін жаза қолданылатынын баса көрсетіп айтты.

     Ол, сондай-ақ басқосуға жиналған жастарды еліміздің қалаларындағы әскери оқу орындарына түсуге шақырып, бұл тұрғыда биылдан бастап Алматыда әскери дәрігер дайындайтын оқу орны ашылатынын тілге тиек етті. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы колледж студенттері тарапынан түскен көптеген көкейтесті сауалдарға тұшымды жауаптар берді.

www.zhaikpress.kz

                                                                                         Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале