9.09.2016, 15:31
Оқылды: 42

Отан - отбасынан басталады

img_8774Шыңғырлау ауданында «Отбасын қолдау  апталығы» республикалық акциясының  «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында 7 қыркүйек күні  «Нұр Отан» аудандық  филиалының мәжіліс залында  дөңгелек үстел жұмысы оздырылды.

Дөңгелек үстелді  партия филиалы төрағасының  бірінші орынбасары  Светлана Бәйтенова жүргізіп,  оған қатысушылар  бүгінгі таңдағы отбасы құндылықтары, тәлім –тәрбие тұрғысында көптеген мәселелерді алға тартып, өз ойларын ортаға салып отырды.

Жастар мәселесі, заңды некеге тұру, ажырасудың себептерін  аудандық әділет басқармасының  басшысы  Нұрғали Дәуленов, АХАЖ бөлімінің  бас маманы  Әлия  Имашева айтып берсе, ата-ананың отбасындағы рөлі,  жанұядағы  әкенің беделін арттыру  туралы  «Шыңғырлау әйелдері»  қоғамдық бірлестігінің төрайымы  Айсұлу Арыстанова,  «Ізге-ай» татар ұлттық –мәдени  орталығының   жетекшісі  Лилия  Волошина  өз пікірілерін қосты.

Айсұлу Муса

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikrpess.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале