16.09.2016, 18:01
Оқылды: 23

Отбасылармен болған кездесу

%d0%ba%d0%b0%d0%b7%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%be%d0%b2   Қазталов аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен  Отбасы күніне орай «Бақытты жанұя – бақытты ел» атты кездесу кеші өтті.

   Кездесуде сөз алған аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  әдіскері Гүлжан Базартаева,- барша қатысушы отбасыларды мерекемен құттықтап, жанұяларына бақыт, береке  тіледі.


   Шараға қатысқан Сәлімовтер, Мерғалиевтер  және   Қажымұратовтар отбасы өздерінің отбсылары, өмір деректері туралы айтып өтіп, барша жаңадан шаңырақ көтерген жанұяларға ақыл-кеңестерін айтып, тілектерін білдірді.

  Сондай-ақ шарада жуырда Астана қаласында өткен «Мерейлі  отбасы» байқауына қатысып, «дипломант» атанған жерлестеріміз Бегалиевтер отбасыларының ыстық сәлемдерін бейнекөрініс арқылы көрсетті.

   Кездесуде аудандық АХАТ  бөлімінің маманы  Айгерім Ерболатқызы, аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полициясы Нұркен Берікқалиұлы және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрлан Кенжин сөз алып, айтулы мерекемен құттықтады.

   Шараға қатысқан отбасылар жанұя  бақыты туралы ойларын ортаға салып,  осындай көрсетілген  құрмет үшін аудандық кітапхана ұжымына  алғыстарын білдірді.

Әсем БОЛАТ

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале