18.08.2016, 17:54
Оқылды: 33

«Отбасылық лагерь – 2016»

 Отбасылык лагерь  Жазғы демалысын, сауықтыруын ұйымдастыру бағытында 10-16 тамыз аралығында Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім орталығы базасында қамқоршылықтағы балалар Әсемгүл, Эльдар Қойшыбаевтар мен қамқоршы әже Тойған Хайрлиева облыстық «Отбасылық лагерь – 2016» бейімді мәдени-танымдық ауысымында демалып келді.


 -Облыстың әр аудандарынан  жиналған отбасылармен танысып, жақсы демалып, балалармен бірге көңілді де қызықты күндерд өтті. Балаларымыздың еркін тынығуы үшін барлық жағдай жасалғанына көз жеткіздік, - дейді қамқоршы әже Тойған Хайрлиева.

  Лагерьде  салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыттында спорттық жарыстар, әр түрлі тақырыптық кештер, тренингтер, танымдық ойындар ұйымдастырылыпты.

  Демалушылар арасында «Ал, қанекей, әжелер» сайысында «Бұлбұл әже» аталыммен қамқоршы әже Тойған Хайрлиева,  өткізіген шараларға белсене қатысқандары үшін қаратөбелік жасөспірімдер Әсемгүл, Эльдар Қойшыбаевтар  марапатталған.

Аудандық білім беру бөлімінің жолдамасымен орталықта демалып келген отбасы ризашылықтарын қуана жеткізді.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале