15.09.2015, 11:00
Оқылды: 29

Отбасы күні тойланды

Sirim otbasi merekesi toilandiЕлбасының Жарлығымен 2013 жылы қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні болып жарияланды. Ондағы мақсат – жанұялық құндылықтарды, отбасы институтын нығайту.

Аталмыш мерекеге орай Сырым саябағында  өткен «Отбасы – тіршіліктің тірегі» атты мерекелік шарада сырымдықтарды құттықтап, игі тілектерін жеткізген аудан әкімі Абат Шыныбеков «Жібек жолы» ШҚ жетекшісі Ғанимат Нұрмұхановты «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай республикалық көлемде Бөкей Ордасында оздырылған мәдени шараға белсенді қатысқаны үшін А.Алдамжаров, С.Әубәкіров, Қ.Бегман, С.Дәулі, Қ.Илашевтарды облыс әкімінің орынбасары Б.Мәкеннің Алғыс хатымен, әр ауылдық округтің үлгілі отбасыларын аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Салтанатты шара соңы отбасы татулығын, бала тәрбиесін насихаттайтын концертке ұласты. Сахнада «Ана-Әке», «Погода в доме», «Бақытты әйел» әндері орындалса, ағайынды Құмарғалиевтердің заманауи биі, Қ.Мырзалиевтің «Ана», «Ақ әжем» өлеңдері мәнерлеп оқылды.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале