20.10.2015, 18:51
Оқылды: 35

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ СӨЗ БОЛДЫ

Бакытты отбасы=«Мықты отбасы – мықты мемлекет. Мемлекетіміздің қарыштап, дамып, өркендей беруіне еліміздегі әр отбасы жауапты». Бұл жуырда «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында ұйымдастырылған семинар-кеңеске жиналғандардың пікірі.

Ақсай қаласындағы  Железнедорожный №7 учаскесі тұрғындарына «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы өткізген семинар-кеңесте отбасы құндылықтары жайлы сөз болды.

Аталмыш учаскенің төрайымы Ш. Қайырмұханова жиналғандарға шараның мақсат, міндеттерін таныстырды.

Жиында  аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Н. Ізтілеуов, «Үміт» психологиялық-құқықтық көмек қызметінің жетекшісі Б. Окаева, аудандық мәслихат депутаты Е.Кемелханов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы О.Ташимова, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ә.Байниязовалар күнделікті күйбең тірліктің салдарынан көптеген шаңырақтың шайқалып жатқаны жайында сөз қозғап, жастарға өз өмір тәжірибелерінен ой бөлісті.

Ал ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясында "Жастар практикасы" бойынша тәжірбие жинақтап жүрген А.Сағидуллина отбасы құндылықтары туралы баяндап, жас отбасында жиі туындайтын мәселелерді талқылады. Сонымен қатар жиында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының әдіскері В.Асанова отбасындағы кикілжіңнің салдарынан балалардың зардап шегетіні жайында баяндады.

Артынша сөз алған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы О. Буружованың сөзінше, биылғы жылдың 10 айында өңірімізде 388 жас отбасы шаңырақ көтерген болса, 305 шаңырақ ажырасып кеткен.

Кеңеске қатысушылардың ойынша, жас отбасылардың алдында туындайтын басты мәселе - тұрғын үй болып отыр. «Үйі жоқтың –күйі жоқ» екендігін баса айтқан көпшілікке аудандық ТҮКШЖКжАЖ бөлімінің бас маманы Е.Ержанов пен «Тұрғын ұй құрлыс жинақ банкі» АҚ кеңесшісі Н. Жұмашева сауалдарға жауап беріп, мемлекеттік бағдарламалармен таныстырды. Семинар-кеңес барысында түрлі бейнероликтер көрсетіліп, сауалнамалар толтырылды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале