12.09.2015, 11:15
Оқылды: 51

Отбасы – өмір аясы

ZH  Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен отбасы күніне арналған «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өтті.

Жарысқа Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектептен «Өтегеновтер отбасы», №1 жалпы орта білім беретін мектептен «Боранбаевтар отбасы», А.Оразбаева атындағы негізгі орта білім беретін мектептен «Әмірхановтар отбасы», мектептен тыс жұмыстар орталығынан «Сағадатовтар отбасы» және аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен «Батырғалиевтер отбасы» қатысса, ардагерлер ұйымының мүшесі Қабаш Жүнісов, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жанаргүл Тұяқова төрелік етті. Сайыс «Кім көп біледі?», «Жұмбақ шешу сайысы», «Ойлы болсаң, озып көр», «Қонақты күте білеміз бе?» сияқты кезеңдерден тұрып, командалар «сен тұр, мен атайын» дейтіндей белсенділік танытып, тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде «Боранбаевтар отбасы» барлық кезеңдерде де тапқырлық танытып 1-орынды олжалады. «Өтегеновтер отбасы» мен «Сағадатовтар отбасы» да осалдылық көрсетпей, сәйкесінше 2 және 3 орындарды өзара бөлісті. Ойын соңында барлық қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

    Данияр ОСПАН

  Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале