26.10.2015, 17:00
Оқылды: 172

«Оқитын отбасы – ғасыр үлгісі»

окырман отбасы (1)Зеленов ауданында «Оқитын отбасы - ғасыр үлгісі» атты оқырман отбасылар сайысы өтті. Аудандық білім беру бөлімі ұйымдастырған тағылымды шарада ауданның әр ауылдық округтерінен келген бірнеше отбасы бақтарын сынады.

Оқырман отбасын анықтап, жас ұрпақты кітапқа деген құмарлығын арттыру мақсатында оздырылған сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші «Мен және менің отбасым» бөлімінде әр қатысушылар өздерінің шежіресі, жанұяның әр мүшесінің өнері туралы мәлімет берсе, екінші «Түймедақ» аталған бөлімде сайыскерлер 10 әдеби сұраққа жауап беруге тиіс болды. Ал үшінші бөлімде әр отбасы оқылған шығармаларының мазмұнына сай мақал-мәтел немесе тұрақты сөз тіркесін тауып сайысса, төртінші «Білім көзі - кітапта» бөлімінде қатысушылар өздері сүйіп оқитын қазақ және әлем әдебиеті шығармаларының желісі бойынша көрініс қойып, актерлік шеберліктерін танытты.

окырман отбасыСайысқа түскен әр отбасы барлық кезеңдерде өздерін жақсы қырынан көрсетті. Бірі шежіресін тамаша көрсетсе, бірінің қолөнер бұйымдары көпке ұнап, енді бір жанұяның әдеби білігі жиналған көрерменнің көңілдерінен шығып жатты.

Осылайша тағылымға толы болған сайыс қорытындысында ІІІ орынды Трекин қазақ мектебінің намысын қорғаған Бисеновтер отбасы еншілесе, ІІ орын Переметный мектебі атынан сынға түскен Елубаевтар жанұясына бұйырды. Ал І орынды Қасым Аманжолов мектебі атынан сайысқа түскен Солаймановтар отбасы қанжығасына байлады. Барлық қатысушылар мен жеңімпаз жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале