3.06.2016, 13:13
Оқылды: 39

«Оқитын қала - 2016»

Tauelsizdik    Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Рәміздер күніне орай «Айбыны асқақ, тұғыры биік - Тәуелсіздік» атты шарасы өтті.

    Шара «Оқитын қала - 2016» жобасы аясында кітапханаға оқырман тарту мақсатында ұйымдастырылды. Жоба аясында «Кітап оқы!» инсталляциясы, «Жаңа әдебиеттер» бюросы, «Тұғыры биік Тәуелсіздік» кітап көрмесі, «Өзің оқысаң – өзгеге табыс ет» буккроссингі жүзеге асырылып, «Ақ Жайық елі оқуға лайық кітап» тақырыбында әлеуметтік зерттеу жүргізілді.


   Басқосуда кітапхана директоры Роза Исатаева сөз алып, кітапхана оқырмандарын Рәміздер күнімен құттықтап, жас оқырмандарды әдеби кітаптарды көбірек оқуға, кітаппен ажырамастай дос болуға шақырды. Ал студент жастар мен өлең оқу шеберлері «Ақындар Тәуелсіздікті жырлайды» атты поэтикалық фреш ұйымдастырып, елімізге танымал ақындардың Тәуелсіздік хақында жырлаған өлеңдерін оқыды.

    Бұдан кейін кітапханаға жиылғандар  Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын шырқап, облыс көлемінде еліміздің әнұранын бір мезгілде айту бастамасына үлес қосты.

   Жиын соңы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша ел болып оқуға таңдалған Дулат Бабатайұлының шығармалары туралы жарнамалық парақшаларды таратумен тәмамдалды.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале