4.08.2015, 9:36
Оқылды: 24

Оқулықтар осы аптада түгел түседі

Akjayik okuliktar    Ақжайық ауданында мектептердегі алдағы оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу үшін 39 929,0 қаржы бөлінді (оның ішінде 38 191,0 теңге – оқулықтарға, 1780,0 теңге – оны тасымалдау үшін). 4,5,6,11 сыныптың оқулықтары  қайта өңделіп шығуда. «11 баспаға оқулықтарға тапсырыс берілген еді, оның 85,34%-ы ауданға жеткізіліп, мектептерге таратылды. Қалғаны осы аптада жеткізіледі. Қазір «Мектепке-оқулықпен» республикалық акциясына орай шаралар өткізілуде»,- дейді аудандық білім бөлімінің орынбасары Бақыт Ілиясқызы. Кітапханалар мен кітапханашылардың қоғамдық дәрежесін арттыруды көздейтін акцияның «Кітап қорын тексер!», «Мектепке – оқулықпен!», «Сыйлыққа –оқулық!» атты кезеңдері 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале