14.12.2015, 17:25
Оқылды: 14

Оқулықтағы қателіктерге жол берілмеуі тиіс

Jake shara 01   Бүгін «Нұротан» партиясының облыстық филиалы жанындағы Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі аймақтық «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Jake shara 02

Басқосуға кеңес мүшелері, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Кеңесте Елбасы Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі екінші мәселе «Мектептердегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдардың сапасы туралы» күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Бұл бойынша облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы С.Бахишева, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарова, зейнеткер ұстаз Б.Тасмағамбетов, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық Орталығы» АҚ облыстық филиалының директоры С.Ізмұхамбетова, «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Н.Рахмановтар баяндама жасап, мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемілік құралдардағы грамматикалық, логикалық тұрғыдағы өрескел қателіктер және оларды түзету жөнінде пікірлер алмасты.

 www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале