11.12.2015, 20:39
Оқылды: 39

Оқуға түсуге мол мүмкіндік

Sirim okuga tysuge mymkindik     «ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты» «Құтқарушы» мамандығы бойынша кадр дайындайтын Қазақстандағы жалғыз жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылады.  


Аталмыш институттың Өртке қарсы және дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы, азаматтық қорғау майоры Еркін Архабаев, 4 курс курсанты Алман Досаев, ҚР ІІМ ТЖК бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Думан Далешов, БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің кадр жұмысы бөлімінің бастығы Нұржан Қажкенов «Сырым колледжі» студенттері мен Қ.Мырзалиев, Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектептің оқушыларымен кездесіп, институттағы оқытудың ерекшеліктері жайында айтып берді.

Меймандар 25-жасқа дейінгі қыздар мен жігіттерді оқуға шақырып, түлектеріне сұраныс мол, болашағы зор екендіктерін түсіндірді.

www.zhaikpress.kz

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале