13.11.2015, 18:05
Оқылды: 21

Оқырмандармен жүздесті

Oblis akimi Sauitbek kezdesu   Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахмановтың оқырмандармен кездесу кеші өтті. Кешті облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жүргізді.

- Еліміздің бас басылымының басшысы өзінің тығыз жұмыс кестесіне қарамай ел-жұрттың тыныс - тіршілігімен танысып, оқырмандармен жүздесіп пікір алмасу үшін уақыт тауып облысымызға келгені үшін ризашылығымызды білдіреміз. «Егемен Қазақстан» - қазіргі заманның ағымынан қалмай алдыңғы қатарда келе жатқан басылым, - деген өңір басшысы аталмыш газеттің жетістіктеріне жан-жақты тоқталды.

- Осыдан 20 жыл бұрын Қадыр аға 60 жасқа толды. Сөйтіп шағын ғана топпен Оралға келді, Жымпитыға барды. Жымпитыға барғанда төрт адам болдық. Сол жолы тойдың жұтаңдығына қарап көңілімде «туған елі Қадырдың қадіріне жетпейді - ау» деген реніш кетіп еді. Бүгінде ойлап отырсам оның себебі - сол кездегі еліміздегі экономикалық қиындықтармен байланысты екен. Жаңа ғана облыс әкімімен бірге Қадыр ағаға қойылған ескерткішті тамашалап көңілім сондай толқыды... Батыс Қазақстан халқы осындай болуға тиіс. Осы үшін сіздерге көп рахмет... Маған газетімізге берген фотодан көргенімдей Қадырдың Жымпитыда қойылған ескерткішінде галстугі мен бешпетінің шалғайын жел тербеп тұрған бейнесі көбірек ұнап еді. Бүгін тамашалаған ескерткіштен аристократ Қадырды көрдім. Екі ескерткіш те тең, сәтті қойылған екен, - деп сөзін терең тебіреніспен бастаған Сауытбек Абдрахманұлы әрі қарай өзі басшылық ететін басылымның бүгінгі тынысы туралы кеңірек әңгімеледі. Көп көңіліне ұнаған емен-жарқын, еркін кездесудің барысында бүгінгі ел өміріндегі, әлемдегі түрлі мәселелер, соның ішінде руханият тақырыбы молырақ қаузалды. Оқырмандар да жүздесуге келген мейманға көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.

www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале