23.06.2015, 15:28
Оқылды: 27

Оқырмандармен ой бөлісті

ZH    22 маусым күні Қазталов аудан орталығында «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин және газеттің бөлім меңгерушісі Тоқтар Кенжеғалиев оқырмандармен жүздесті.

Оқырмандармен жүздесуде сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, - Облыстық газеттің ауданымызда оқырмандары көп басылым екенін айта келіп, газет көтеріп отырған мәселелер төңірегінде әңгімелер қозғады.

Бас редактор өз сөзінде облыстық газетте жазылып жатқан жәйттерге оқырмандар үн қосу қажеттігін және өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде де қалам тербеулерін сұрады.

Жүздесуде сөз алған оқырмандар алдағы уақытта газетте ауыл шаруашылығы, су мәселесі,діни  теріс ағымдардың алдын-алу туралы көбірек орын берілуін жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Гүлфия КӨШБАЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале