14.07.2015, 20:08
Оқылды: 37

Оқырмандарға рухани байлық тарту етілмек

Janibek kitaphana    Алаштың  асқақ  айбыны  мен   асыл  арманына  айналған  ару   Астананың   бой  көтергеніне  17  жыл  толып,  атағы  айбындап,  әлем  таныды.  Егемен  еліміздің  елордасы  хақында  жазылған  кітаптар  мен  зерттеу  еңбектері  шығарылып,   жұртшылық  назарына ұдайы ұсынылып келеді.

«Кітапхана -  кітаптардың   тұрағы, Ақыл  ойдың  нұр шашатын шырағы, Сусыныңды қандыратын шөлдесең, Даналықтың, парасаттың  бұлағы», – деп ақын Ақұштап Бақтыгереева жырлағандай, бар білімнің қайнар көзі - кітапханада.

Аудандық орталықтандырылған кітапхананың ақпаратты- библиография бөлімінің кітапханашысы Анаргүл Баташева аудандық кітапханаға  түскен жаңа кітаптар жөнінде мәлімет келтірді.

Жас буынға арналған «Даналық  әліппесі»  кітабы  инновациялық  «сөйлейтін  қалам»  технологиясы  негізінде  қолданысқа  енгізілген.   Отбасыға арналған кітап жас  жеткіншектің  ой-өрісін  дамытып,  кітап   оқуға   деген   қызығушылықтарын  арттырары анық.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале