28.05.2015, 8:39
Оқылды: 32

Оқырманның ойы қымбат

ZH    Қаратөбе ауданы өмірінің тыныс-тіршілігін бұқара халыққа жеткізуде ауданның төл айнасы «Қаратөбе өңірі» газетінің алар орны ерекше. Келер жылы торқалы 80 жылдық мерейтойын қарсылағалы отырған басылым көтерген жүк те жеңіл емес.

Баспасөзге жазылу науқанына байланысты Аққозы ауылдық округінде өткен оқырмандар конференциясы Қоржын ауылындағы білім ордасында ұйымдастырылды.

Мектеп директоры Айгүл Айтқалиева сөз сөйлеп, аудан айнасына деген аққозылықтардың құрметі жоғары екендігін атап өтті. Одан соң сөз алған газет тілшісі Ертай Сағындықұлы, фототілші Тоты Асқарқызы 80 жылға жуық тарихы бар аудандық газеттің өткені мен бүгініне тоқталып, болашақ жоспарларымен ой бөлісті.

Аққозылық қариялар Жолдығали Кенжеғалиев пен Нағимолла Ақбас өңір тарихы, майдангерлер турасында әңгіме өрбітіп, олар жөнінде тың деректер іздестіру керектігін қаперге салды.

Ал, Саралжын ауылдық округіне қарасты Б.Қаратаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі базасында өткен кездесуге мектептің педагогикалық құрамы мен техникалық қызметкерлері жиналды.

Кездесуде сөз алған оқырман Айнұр Жантілеуова газет бетінде ауданның әдеби, мәдени өміріне қатысты материалдар қызықтыратындығын айта келіп, елді мекендерде сақталынып қалған көне жәдігерлерді табу, олар жөнінде ақпарат беру жөнінде келелі ой айтты.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале