27.10.2015, 15:39
Оқылды: 20

Оқыту курсына қатысып қайтты

окыту (1)Жәнібек ауылының тұрғыны Тілек Исмағұлов ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша несие алып, шаруа қожалығын ашты. Қазір «Тілек» шаруа қожалығы ірі қара мал өсірумен айналысады.

Жуырда Тілек Исмағұлов аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Наталья Сажинаның ұсынысымен «Іскерлік байланыстар» жобасы шеңберінде Астана қаласында өткен 10 күндік курсқа қатысты. Оқыту курсын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұйымдастырып, оған Германия, Венгрия, Ресей және отандық тренерлер мен кеңесшілер басшылық етті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары шетелдік әріптестерімен іскерлік байланыс және қарым-қатынас орнату мүмкіндігін алды.

Айта кетейік, Тілек Исмағұлов «іскерлік байланыстар» жобасының 1-ші кезеңіне қатысты. Жобаның 2-ші кезеңінде кәсіпкерлер Германия мен АҚШ-тағы профильді кәсіпорындарда бір айлық бизнес-машықтануға мүмкіндік алады.

                                                                             www.zhaikpress.kz

Данияр ОСПАН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале