Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімінің кадр жұмысы жөніндегі аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Орахаевтың бізге берген мәліметінше, 2012 жылдың 27 маусымы күні белгісіз біреулер еркін түрде Жәнібек ауылындағы Ш.Мәжитов көшесінде тұратын азаматша Т-ның үйінен жеке мүліктерін ұрлап кеткен.
2015 жылдың 18 маусымы күні «Құқықтық тәртіп» жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен Жәнібек ауданы Қамысты ауылының тұрғыны Ж. есімді азамат анықталып, ұсталды. АІІб-мен тергеу амалдары жүргізілуде.
Меңдігүл ФАЗЫЛОВА
Жәнібек ауданы